Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматылық белсенді жастар коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай ұсынды

AstanaTV
10.01.2023ж. 20:00
2121
Алматылық белсенді жастар коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай ұсынды

Бүгін Алматы да ақ ұлпаға оранды. Қаланың комуналдық қызмет мамандары білек сыбана жұмыс істеп жатыр. Бүгін оларға “Жастар Рухы” жастар қанатының белсенді мүшелері көмек қолын созып, тәтті шәй ұсынды. Жаяу жүргіншілер жолы мен көшелерді тазартуға көмектесті. Акцияның басты мақсаты - коммуналдық қызмет қызметкерлеріне қолдау көрсету, алғыс білдіру дейді ұйымдастырушылар. "Кел шәй ішейік" - "Жастар рухының" тұрақты ақцияларының бірі.

Әкежан КЕҢЕСОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қаланың тазалығын сақтайтын комуналды қызметкерлер таң атқаннен кешке дейін күннің ыстық, суығына қарамай жұмыс жасайды. Олардың еңбектерін елеп, бір сәтке болсын қуантып, осындай “Кел шәй ішейік” акциясын жасап жатырмыз. Олар алғыстарын айтып жатыр, бұл енді күтпеген жерден.

Ә. Пернебек