Бүгін Мәжіліс депутаттары
оралдық еңбек адамдарымен кездесіп, Жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндірді.
Қазір бұл жұмыстар барлық аймақтарда жүргізіліп жатыр. Оралдағы пластик
бұйымдар шығаратын зауыттың жұмысымен танысқан халық қалаулылары жұмысшыларды
толғандарған сұрақтарға жауап берді. Көбін жастар құрайтын еңбек ұжымы тұрғын
үй құрылысына қажетті жер телімдерін жеңілдікпен алу мәселесіне де тоқталды.
Станислав Листопад, зауыт
жұмысшысы:
Қазақстанда шағын және орта
бизнесті әлі де дамыту үшін кәсіппен айналысуға қажетті жер телімдерін бөлу
керек. Біздің кең-байтақ жерімізде жылдың төрт мезгілі бар. Сондықтан Қазақстанның бір өлкесінде бидай өсірсе, енді бір облыста мал шаруашылығын
жолға қоюға болады.
Депутаттардың дерегінше,
бүгінде елде 252 миллион гектар жер болса, соның 100 миллион 800 мың гектары
жалға берілген. 7 миллион гектар жердің нақты қожайыны болғанымен, әлі күнге
игерілмей жатыр. Ал жер бос тұрмай, елге пайда әкелуі керек. Депутаттар жерді
жалға беру немесе сату мәселесін халықпен ақылдасып, ортақ шешім қабылдаған
дұрыс дейді.
Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр
Отан» фракциясының мүшесі:
Осы тамыз айының аяғына дейін
комиссия өз ұсынысын дайындап, қыркүйек айында жұмысқа шыққасын бізге ұсыныс
береді деген үміттеміз. Содан кейін сол ұсыныстарды нормаларға енгізіп, тағы да
халықпен ақылдасып, пікірлесіп, заң түрінде осылай болуы мүмкін, деген оймен тағы да халықпен ақылдасатын боламыз.
Еркін КАРИН