Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады

AstanaTV
12.01.2023ж. 20:00
1667
Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады

Шетелден 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Көлігіңізді бастапқы тіркеуден өткізу үшін 200 мың теңге төлем жасауыңыз қажет. Ал "конструктор" деп танылған көліктер тіркеуге алынбайды. Себебі бұл көліктердің ешқандай құжаты жоқ. Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, «конструктор» деп танылған автокөліктер елімізге жүріп тұрған күйінде кіргізілмеген. Олар бөлшектеліп әкелініп, кейін Қазақстанда құрастырылған. Ведомство дерегінше, қазір елімізде мұндай 5 мыңға жуық көлік бар.

Қайсар СҰЛТАНБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Автокөліктерді заңдастыру кезінде мынау арнайы тіркеу орындарына біздің ҚР азаматтары онлайн және офлайн түрде арызбен хабарласуына болады. Көлікті тіркеу кезінде автокөліктің иесі арызын жазып өзінің төлқұжатымен келіп. Автокөліктің техпоспортын жаңағы не болмаса тіркеу туралы куәлігін бірге сол жерге алып келіп содан кейін сол жерде тіркеу пунктінде ол автокөлікті біз барлық тіркеу нөмерлерінің сай келетінің тексереміз ол жерде біздің қызметкерлер полиция қызметкерлері тексеретін болады.

Д. Онласын