Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордада жыл басынан бері 8 автокөлік өртенген

AstanaTV
12.01.2023ж. 20:00
1248
Елордада жыл басынан бері 8 автокөлік өртенген

Елордада жыл басынан бері 8 автокөлік өртенген. Мамандар мұны аязды күні көлік иелері машинасын тез жылыту үшін түрлі қауіпті тәсілдерді қолданғанымен түсіндіріп отыр. Салдарынан көлігі түгел жанып кеткен жағдайлар да бар. Салонда шылым шегу, бұзылған электр жабдықтарымен жүру немесе жанар-жағармай жүйесінің ақауына мән бермеу - өрттің басты себебі дейді мамандар. Машинадағы синтетикалық материалдар тез тұтанады. Автокөліктің жылдамдығын арттырып, өртті сөндіремін деп ойласаңыз, ол тіпті қате. Өртеніп жатқан көлік кез-келген секундта жарылуы мүмкін.

Айдана МӘДИЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД САРЫАРҚА АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Аяз кезінде көптеген көлік жүргізушілері автокөлікті жылытамыз деп паяльная лампа, ашық оттарды, факелдарды қолданады. Ол дұрыс емес. Арнайы мамандарға жүгінгендеріңіз дұрыс деп айтқымыз келеді. Егер көлігіңізде өрт орын алса, капотта өрт болса, капотты ақырын ғана қолыңызбен ұстамай, орамалмен ақырын ғана ашып ұстап, өрт сөндіргіш құралымен өшіру керек.

Р. Бақытжанқызы