$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда қаржы пирамидасына алданған әйел үйі мен көлігін сатқан

AstanaTV
12.01.2023ж. 20:00
1398
Павлодарда қаржы пирамидасына алданған әйел үйі мен көлігін сатқан

Павлодарда қаржы пирамидасына алданған әйел үйі мен көлігін сатқан. Өйткені, таныстарын оңай жолмен ақша табуға шақырып, кейін өзі де алданып қалыпты. Ақыр соңында түрмеден бірақ шықты. Қазір абақты жазасын өтеп жатыр. Айтуынша, ол құрбысына сеніп, пирамидаға адамдар жинаған.

Аты жөнін атамауды өтінген бұл әйел 58 жаста. Алаяққа көмектескені үшін темір торда жазасын өтеп жатыр. Ол құрбысы құрған қаржылық пирамидаға адамдар тартқан.

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Күнделікті ақша табу үшін процент дегенге қызығып кірдім. Бірақ, пирамида екенін білмедім. Ватсапта отырдық, админ қылып қойды. Реклама жасап отырдық. Осындай осындай деп маркетный пландарын айтып отырдым. Ақша түсті. Жібер деген адамдарына жіберіп отырдым.

Құрбысы қаржы пирамидасына әр қосылған адамнан 20 мың теңге алып отырған. Оларға бұл ақшаны екі еселеп қайтарып алуға болады - деп сендірген. Өзара «қара касса» деп атапты. Жарты жыл ішінде 200 млн. теңге жинаған. Осылайша 260-тан астам адам алаяқтың құрбаны болды.

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Осы проект тоқтаған кезде мен өзімің үйімді саттым. Машинамды саттым. И таныстарыма ақшаларын қайтарып бердім түгеліне. Менің 2 балам бар. Үлкен балалар, ұлдар. Иә, екі ұлым бар. Олар тосып отыр. Когда шыққанан кейін баратын жерім бар. Күйеуім бар, жолдасым.

Қазір екі құрбы бір абақтыда бірге жазасын өтеп жатыр. Үш жарым жылы қалған. Ал, мамандар телеграм канал арқылы қаржы пирамидасына алданбаудың жаңа тетігін іске қосты.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қаржылық мониторинг әзірлеген телеграм мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекетінен қорғауға көмектеседі. Егер компанияда қаржы пирамидаларының белгілері болса, және бұл сілтеме кибербақылау жүйесінің көмегімен бұғатталған болса, пайдаланушыға дереу хабарланады. Сізге табыс ұсынатын компанияны БИН арқылы тексеруге болады.

Өткен жылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 85 қылмыстық іс қозғалды. Ал биыл 29 ұйымның көзі жойылған. 15 іс бойынша 23 адам сотталды.

Ө. Қуанар