Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Атырау облысының тұрғындарымен кездесті. Өңірлік филиал жанындағы кеңес беру орталығының қызметімен танысты. «Құқықтық көмек» партиялық жобасының іске қосылғанын жеткізді. Құқық қорғаушы Абзал Құспанмен бірге жергілікті тұрғындармен жүздесіп, шағымдарын тыңдады. Партия төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән беріп отырғанын атап өтті. Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті екенін айтты.
Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жасыратыны жоқ, біздің қоғамда азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де төмен. Сондықтан біз "AMANAT" партиясы "Құқықтық көмек" жобасын қолға алдық. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отырғандықтан, жаңа партиялық жоба аясында заңгерлер ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсетеді. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады
Сондай-ақ, Ерлан Қошанов партия активімен кездесіп, партиялық жобалардың іске асырылу барысын және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық мәселесін талқылады. Облыста 106 бастауыш партия ұйымын біріктіріп отырған 23 мыңнан астам аманаттық бар.
Ә. Дүкембаева
https://youtu.be/-t_ID-kn6Fw