Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады

AstanaTV
12.01.2023ж. 20:00
1365
Алматыда 10 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады

Алматыда жыл соңына дейін сегіз жаңа кәсіпорын ашылады. Олар мегаполистің индустриалды аймағында орналасқан. Соңғы 5 жылда индустриялық аймақта 125 млрд теңгеге 27 жоба жүзеге асырылған. Алдағы жылдары тағы 43 жоба іске қосылмақ. Соның негізінде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Әлішер САТЫБАЛДИЕВ, "ИНДУСТРИАЛДЫҚ АЙМАҚ-АЛМАТЫ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Алдағы уақытта іске қосылатын ең ауқымды жобалардың ішінде автокөлік шығарушы зауыт жұмысы болайын деп тұр. Мемлекет басшысы қараша айында бұл жобамен танысып кеткен болатын. Бұл Қытайлық мультибрендті автокөлік зауыты жылына шамамен 90.000 көлік шығаруды көздейді.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Индустриальный зоналар деген өте бір дұрыс табыс болды. Осы индустриальный зонаны құру үшін үкімет, акимат 30 млрд тенге шығын жасады. Бүгінгі уақытта тек өткен жылда олар 27,8 млдр тенге салық төледі. 100 млрд-қа товарлар шығарды. Сондықтан бұл өте дұрыс шешім.

Ә. Пернебек