Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда су құбыры жарылып, 80 көпқабатты үй суық сусыз қалды

AstanaTV
13.01.2023ж. 20:00
1284
Алматыда су құбыры жарылып, 80 көпқабатты үй суық сусыз қалды

Алматыда су құбыры жарылып, салдарынан 80 көпқабатты үй суық сусыз қалды. Апатқа 50 жылдан бері пайдаланып келе жатқан құбырдың тозуы себеп болған. Апат біраз тұрғынды шығынға батырды. Кәсіпкер Шынар Тайлақова ательесінің күл-талқаны шыққанын айтады. «Ғимараттың ішіне кірген су тізеге дейін жетті»,- дейді ол. Киім-кешектер, 6 тігін машинасы су астында қалған.

Шынар ТАЙЛАҚОВА, КӘСІПКЕР:

Есікті ашсам, іші бәрі батпақ. Су жоқ уже. Кетіп қалған ғой, ағып кетті ме, сіңіп кетті ме білмеймін. Өзіміз тазаладық. Басқа кім тазалайды? Машинкаларымды қосуға қорқып отырмын. Потому что тоқтың бәрін задевать еткен су. Машинкалар істемей қалса, білмеймін енді. Мұндай машинкалар аз тұрмайды.

Қазір жағдайды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауаптылар аталған учаскідегі құбырларды ауыстыру үшін биыл жобалық -сметалық құжаттама әзірленетінін жеткізді.

Серік ШӘГІРОВ, «АЛМАТЫ СУ» МКК РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда 70-80 көпқабатты үй суық ауыз сусыз отыр. Ол Мыңбаева, Жарокова, Манаса, Шевченко қиылысында орналасқан үйлер.

М. Жақан