Үздіктердің
барлығы бірдей грантқа іліккен жоқ. Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің
қорытындысына сәйкес, 45 «Алтын белгі» иегерінің ЖОО-на түсе алмай қалғаны
мәлім болды. Білім және ғылым министрлігі берген түсініктемеге қарағанда,
олардың гранттан қағылуының басты себебі - конкурсы тым жоғары мамандықтарды
таңдауында.
Гүлзат
Көбенова, ҚР Білім және ғылым министрлігі департамент директорының орынбасары:
Қорытындыны
талдасақ, бұл талапкерлер көбінесе халықаралық қатынастыр, құқық немесе
экономика мамандықтарын таңдаған екен. Бұл мамандықтарға конкурс өте жоғары.
Бірақ
министрлік 45 адамды білімсіз қалдырмақ емес. Қазір ЖОО-мен келісім жасап,
ректорлық гранттар қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек халықаралық байқаулардың 6
жеңімпазы да грантқа ілікпей қалыпты. Негізі биыл мемлекеттік тегін білім алуға
31 мың 702 адамға орын бөлінген.
Ресми есепке сүйенсек, мектеп қабырғасын 121
092 оқушы бітірген. Соның 87 мыңы тест тапсыруға өтініш білдірді. Тек негізгі
межені - 59 мың 677-сі жинап, Ұлттық бірыңғай тестілуден байқауға өткен. Ал
колледж түлектерін қоса есептегенде 97 532 талапкер.
Грантқа
оқуға түскендердің 2 мыңнан астамы түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпазы
болса, тағы 2 мыңнан астамы "Алтын белгі» иегері. Сондай-ақ, жеңілдікпен
түскен талапкерлер де бар. Бұл - 1 мың 945 адам. Яғни тұл жетім, түрлі топтағы
мүгедек және диаспора өкілдері бар.
Гранттарды конкурс негізінде 87 білім
ордасы бөлісіп алған. Биыл техникалық және технологиялық, педагогикалық, ауыл
шаруашылық және мал дәрігерлікке, медицина
мамандықтарына көп орын берілген.
Құралай ПИОНЕР