Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

94 жастағы соғыс ардагері Қызылжар өңірі туралы кітап шығарды

AstanaTV
10.08.2016ж. 20:00
2155
94 жастағы соғыс ардагері Қызылжар өңірі туралы кітап шығарды

Петропавлда соғыс ардагері Солтүстік Қазақстан туралы энциклопедияны жарыққа шығарды. Сергей Пресняков жаугершілік замандағы өңірдің әскери тарихын қалпына келтірмек болған. Өлкетанушы осы жолдағы зерттеу мен жазу жұмыстарына 25 жылын арнапты. Бірақ денсаулығына байланысты кітаптың тұсаукесеріне өзі қатыса алмады.

Автордың шығармасын оның әйелі таныстырды. Алла Нұрғалиеваның айтуынша, кітапта қазақтардың жоңғарлармен қақтығысы мен Абылай ханның Қазақ хандығын құруы туралы баяндалады. Автор энциклопедияда бірінші және екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан өз жерлестерінің ерліктеріне аса мән берген. Соғыс ардагері бұл тақырыпты бес саусағындай біледі. 19 жасында майданға аттанған ол Мәскеу түбінде шайқасқан. 

Алла Нұрғалиева, С. Пресняковтың әйелі:

Соғыс тақырыбы мен халықтың бостандық үшін күресі - кітаптың негізі болып табылады. 94 жасар Пресняковтың жастарға айтпағы - үлкен ұрпақтың жеңісін, бейбітшілікті, келісімді, бірлікті сақтау.