Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясы жастарды жұмыспен қамтудың тың тәсілін іске асырмақ

AstanaTV
16.01.2023ж. 20:00
1587
«AMANAT» партиясы жастарды жұмыспен қамтудың тың тәсілін іске асырмақ

«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» атты жаңа жобаны іске қосты. Мақсат – жастарды нәтижелі жұмыспен қамту, олардың дамуына тікелей қатысы мемлекеттік бағдарламалар жөнінде тиімді ақпарат ұсыну.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында арнайы жастар үшін 2,3 млн жұмыс орнын ашу жөнінде нақты айтқан болатын. Осы мақсатта "Жастарға кеңес" жобасы бар күшін салмақ.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Жастарға жұмыс» деп аталатын жаңа «AMANAT» партиясының жобасы. Еңбек саласында уәкілетті органдармен бірлесе отыра, еліміздің әрбір аймақтарында мобильді түрде, жастарымызға кеңес беру арқылы. Жаңа форматта жәрмеңкелерді өткізу арқылы және де нақты сол жерде лезде жұмысқа орналастыру арқылы жастардың қордаланып қалған әсіресе жұмыссыз жүрген жастардың мәселесін шешуге бағытталған жаңа жоба.

Астанадағы базарлардың бірінде көшпелі жәрмеңке ұйымдастырылды. Жастарды толғандырған мәселелерге орай мамандар кеңес берді.

Әділбек ТОҚЫШЕВ, СТУДЕНТ:

Бұл шара жайлы ақпаратты инстаграм әлеуметтік желі арқылы көрдім. Мен жоғарғы оқу орнының студенті болғандықтан қолымда әлі диплом жоқ. Әлі жұмыспен қамтылмағанмын. Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы өзіме қажетті ақпарат алдым.

Ал Ақтөбе жастарын баспана және жұмыс мәселесі алаңдатады. Одан өзге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, құқықтық мәселелер, өз кәсібін ашу үшін берілетін пайызы төмен несиелер мен мемлекеттік гранттар туралы ақпараттар алды.

Гүлбақыт САРМАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өте жақсы ақпарат берді. Қазір қандай программалар туралы. Бастапқы жарна дейді ғой сол аз болса, мүмкіндік көп болады. Мысалы бастапқы жарна 10 пайыз бағдарлама шыққан. Онымен алу кәдімгідей жеңілдік. Бұрынғы бағдарламаларда елу пайыз еді.

Әнуар ИСКАРИН, ««AMANAT»ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздер қаламен ғана шектеліп қалмаймыз. Ауылдарға арнайы көліктермен барып, ауыл жастарын қабылдап кеңес беретін боламыз. Өйткені ауыл жастарында да өз қордаланған мәселелері бар.

Шымкентте де осындай шара өтті. Жастар мамандарға сауалдарын қойып, тиісті жауап алды.

Ерік РҮСТЕМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

01.12.00-мен үшін тіптен жақсы болды. Неге десеңіздер, әлеуметтік желіде яғни телевизордың алдында көбі отыра бермеді ғой, өздеріңізде байқап отырсыздар, базарда отбасы, балашағаның нәпақасын табу мақсатында келіп отқаннан кейін көбісі осындай жерде көп одан әрі ұйымдастырып тұрған дұрыс деп ойлаймын.

«Жастарға Кеңес» консалтинг - орталығы Қызылжарда да жұмысын бастады. Орталыққа 16 мен 35 жас аралықтағы жастар түрлі мәселелер бойынша жүгіне алады.

Бекзат ЛАТЫПОВА, СТУДЕНТ:

Жасым жиырмада. Осы консалтинг орталығына мен Атамекен палатасына сұрақ қоюға келген болатынмын. Біздің облысымызда қандай жобаларға қолдау көрсетілуде және оны алу үшін бізге қандай іс шаралар істеу керек екенін білгім келді. Бүгін осы сұрағыма жауап аламын деген үміттемін.

Р. Бақытжанқызы