Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада балалар арасында шаңғыдан жарыс өтті

AstanaTV
16.01.2023ж. 20:00
1900
Астанада балалар арасында шаңғыдан жарыс өтті

Дүниежүзілік қар күніне орай Елордадағы орталық саябақта шаңғышылар сайысты. Балалар арасындағы бәсекеге қатысушылар көп болды. Бақ сынағандардың ең кішісі 2 жаста.

Павел ШЕРСТНЁВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Я хочу выиграть!

Захар ЮМАНКУЛОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Я хочу прямо всех порвать и выиграть!

Жарысты ұйымдастыруға "Amanat" партиясы ұйытқы болды. Басты мақсат, басты қалада қысқы спорт түрін дамыту. Жастардың қызығушылығын арттыру. Жас шаңғылар жас ерекшеліктеріне қарай өзара сайысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Берік ЖӘКЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгін дүниежүзілік қар күніне орай "Amanat" партиясының қолдауымен қалалық шаңғы федерациясының ұйымдастыруымен шаңғы спорты жарысы өтуде. Астанамыздың ауа райы қысқы спорт түрін дамытуға өте қолайлы. Осы шара арқылы тек жазғы спорт түрін ғана емес, сонымен қатар қысқы спорт түрін барынша қолдауын көрсетеді.

Ә. Дүкембаева