Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Рио ойындарының 6-шы күнінде қазақстандық 4 боксшы рингке шығады

AstanaTV
11.08.2016ж. 20:00
2478
Рио ойындарының 6-шы күнінде қазақстандық 4 боксшы рингке шығады

Ал бүгін түнде Рио тұғырына былғары қолғап шеберлері шығады. Мұнда қазақ елінің намысын бірден 4 спортшымыз қорғауы тиіс. Олардың барлығы да фавориттер.

Атап айтсақ, бірінші болып, алғашқы айналымға 56 келі салмақтағы Қайрат Ералиев шығады. Одан кейін рингке дәл осы санатта 64 келідегі Абылайхан Жүсіпов бағын сынап көреді. Үшінші болып, 69 келідегі Данияр Елеусінов жұдырықтасады. Ол - 1/8 финалында. 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов те рингке шығады деп жоспарланған. Ол да ширек финалға шығуға таласады.

Құралай ПИОНЕР