Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыру ұсынылды

AstanaTV
18.01.2023ж. 20:00
1241
Соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыру ұсынылды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай оқу-ағарту министрінің соңғы қоңырауды 31 мамырға белгілеген шешімін сынға алды. Өйткені, ол - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Жалпыұлттық үнсіздік минутын өткізуді ұсынып, сол күні телеарналардан ойын-сауық, әзіл-оспақ шоу-бағдарламалар мен концерттерді көрсетпеу керектігін айтты.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап. Үкімет осы күннің мән-маңызына лайықты шараларды іске асыруға тиіс.

А. Базарбай