Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Жаңарған Парламент мәселелерді шешуде жаңа бағыт, заң қабылдарда жаңа ой алып келеді», - сарапшы

AstanaTV
19.01.2023ж. 20:00
1410
«Жаңарған Парламент мәселелерді шешуде жаңа бағыт, заң қабылдарда жаңа ой алып келеді», - сарапшы

Ендігі Мәжіліс депутаттарының арасында аймақтардан келген халық таңдаулылары болады. Бұл халықтың сенімін арттырып, саясатқа жаңашылдық алып келеді дейді сарапшылар. Мандаттарын тапсырған экс-депутаттар да Президенттің шешімін қолдайтындарын жеткізді.Елдегі саяси реформалар болашақ үшін маңызды екенін айтады.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ:

Осы сайлауда тікелей мынау тікелей сайланған депутаттар болады. Партиялық депутаттар болады. Яғни демократия, бюроизм болады деген өзіміздің үмітіміз бар. Сонымен бірге аудандық деңгейдегі депутаттардың барлығын тікелей халық сайлайды. Облыстық деңгейдегі 50 партиялық тізім бойынша өтеді. Мұның барлығы -Конституцияның ең негізгі принципі. Әрбір азаматтың сайлауға деген іс жүзінде асыратын нақты қадамдар.

Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Біз сол шешімін күттік. Бұл түсінікті жағдай. Енді жаңа мәжіліс жасау керек. Сайлау керек. Қызықты нәрсе ол тәуелсіз кандидаттар. Олар округтарда қалай қатысады. Кім шығады, кім жеңеді. Жеңу мүмкін ба, әлде жеңіле ма?

Жаңарған Парламент мәселелерді шешуде жаңа бағыт, заң қабылдарда жаңа ой алып келеді дейді сарапшылар.

Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:

Біздің елімізде көптеген дарынды, елге жаны ашитын, идеялары бар, креативті азаматтар бар. Солардың депутат болғандарын өз басым қолдаймын. Сонымен қатар мына кетіп қалған мәжіліс құрамында өте белсенді адамдар болды. Барлығы бірдей нашар болды деп айта алмаймын. Үміт бар. Жақсы азаматтар келеді деп сенемін.

А. Базарбай