Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Жаңа депутаттар - жаңа өзгерістер алып келетініне сенемін!», - халық пікірі

AstanaTV
19.01.2023ж. 20:00
1522
«Жаңа депутаттар - жаңа өзгерістер алып келетініне сенемін!», - халық пікірі

«Жаңа депутаттар - жаңа өзгерістер алып келетініне сенемін!». Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты тұрғындардың пікірі осындай. Халық болып саяси науқанға бір кісідей атсалысып, таңдау жасау азаматтық борышымыз дейді.

ОРАЛ

- Заң шығарушы органдарда өз ісінің білікті мамандары, сол салада сан жыл қызмет еткен, сол саланың қыр-сырын меңгерген адамдар отырса. Неге десеңіз, одан кейінгі шығатын заңдар бір қалыпты, халықтың көңілінен шығатын болса және тиісті нормалар сол заңмен жүзеге асады деген ойдамыз. Президенттің жарлығы елдің, жалпы референдумнан кейінгі біздің жаңа Қазақстанның айқын көрінісі деуге толық негіз бар.

- Мен мұны құптаймын. Өйткені Президент мәслихаттарды таратып, депутаттар құрамын жаңадан жасақтап, өз ісінің шеберлерін жинау арқылы алдағы уақытта елдің қамы үшін аянбай еңбек етеді деген ойдамын.

АЛМАТЫ

- Бұл жақсы шешім деп ойлаймын. Өйткені елімізге жаңа мамандар, жаңа леп керек. Сол жаңа лепті, жастар алып келеді деген ойдамын. Өйткені олардың жаңа идеялары, жаңа ойлары - ол әрқашанда жаңа болады. Бұл Президентіміздің дұрыс шешімі деп ойлаймын.

- Жаңа адамнан жаңалықтар күтеміз, жақсы-жақсы. Енді жаңа адам қанша дегенмен ойы басқа.

АСТАНА

- Мемлекеттің өзгерісіне өз үлесімізді жасау керек. Әр адам өз үлесін қосу керек.

- Азаматтық борышымыз ғой. Жаңа депутаттардың жаңа өзгерістер алып келетініне сенемін.

- Өзіміздің мүмкіндіктерімізді жібермейміз және соған ұмтыламыз. Сол үшін жауапты болу керек!

А. Задабек