Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жыл сайын елімізден 60 мыңға жуық түлек өзге елге білім алуға кетеді

AstanaTV
19.01.2023ж. 20:00
1845
Жыл сайын елімізден 60 мыңға жуық түлек өзге елге білім алуға кетеді

Тоқсан мыңнан астам қазақстандық жастар шетелде білім алып жатыр. Еуразиялық экономикалық одақтың мәліметінше, ынтымақтастықтағы елдердің арасында өзге елде оқитын студенттер саны бойынша Қазақстан көш бастап тұр. Жастар неге шетелде оқуға құмар? Әйгерім Пернебек зерттеп көрді.

Әйгерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Қазіргі таңда жер шарының қай нүктесіне барып оқимын десең де өз еркің. Бүгінде қазақстандық жастардың арасында шетелдік жоғары оқу орындарына түсу белең алып барады. Жыл сайын 60 мыңға жуық жас түлек өзге елге білім алуға кетеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Негізінде қазір көбісі солай кетіп жатыр бірақ мен басқа адамдар бар ғой адамдар, патриот жағынан қарайтын, солардың қатарына кіремін. Сол жақтағы білімді алып келіп өзімізде дамыту деген сияқты.

- Шетелдегі оқу Қазақстаннан айырмашылығы ол студентке мүмкіндікті береді, барлық жағынан қолдайды десе болады.

- 2 курстан кейін обмен студентпен көргім келіп жатыр өзімді, көп пайдасы бар чем Қазақстанға қарағанда, мен осылай өзім ойлаймын.

- Шетелде білім барлығы бізден қарағанда дамыған деп ойлаймын негізі.

Шетелде бар мүмкіндік жасалған, алаңсыз білім алуға болады. Жастардың ойы осындай. Сыртта білім алушылар елге қайтуға да ынталары жоқ.

Сәуле ЖЕТПІСБАЕВА, СТУДЕНТ:

Бұл жерде біз өзімізге ұнайтын және өзімізге керек курстарды ғана таңдаймыз. Екіншіден профессорлар мен студенттердің арасындағы қарым-қатынас. Бізбен коллегалары сияқты сөйлеседі. Сол себептен көп студент Миланда ғана емес жалпы Европадағы университеттерде, жоғарғы оқу орындарында қалғылары келеді.

Арайлым ӘУКЕНОВА, АЛМАТЫ Қ. БОЙЫНША БОЛАШАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ол адамдар сол жақта қалып кішкене өмірін көргісі келеді деп ойлаймын. Өмірін көргісі келіп, содан кейін бәрібір Қазақстанға қайтады деген ойдамын. Мысалы ол қазір глобализация дейді ғой жаһандану болып кетті ғой. Адамдар жан жақта өмір сүргісі келеді. Олардың барлығы қайтып келеді деп ойлаймын, керісінше сол жерде жұмыс істеп келсін, көріп келсін, сол Қазақстанға соны өздері кіргізеді. Біз дамушы мемлекетпіз, ол жақта уже дамып кеткен мемлекеттер.

Статистикаға сәйкес қазақстандық студенттер білім алу үшін Ресей, Түркия, Қырғызстан, Чехия, АҚШ және Ұлыбритания елдерін таңдайды. Ал мамандар шетелдік диплом алу үшін мұхит асудың қажеті жоқ, дейді.

Джон-Поль ОКЕКЕ, ПРОФЕССОР:

Біздің студенттер алатын Британдық диплом әлемнің кез келген жерінде тіркеліп, үлкен дәрежеге ие болады. Ең басты артықшылық осы. Әңгіме тек диплом мен методикада емес, бұл біздің беріп жатқан білімнің сапасында. Мен Қазақстанға келіп, ұстаздық етіп жатқаныма өте қуаныштымын. Мен бизнес саласының маманы ретінде оларға тәжірбиелік білімді басым беруге тырысамын.

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтің тапсырмасы бойынша елімізде 2025 жылға дейін 5 шетелдік университеттердің филиалы ашылуы тиіс, бүгінгі күні оның үшеуі іске қосылды.

Ә. Пернебек