$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

AstanaTV
19.01.2023ж. 20:00
1889
Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Италияда 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып, қаза тапты. Италиядағы жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Салерно қаласында орын алған. 17 қаңтар күні «Пежо» көлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші опера театры маңындағы жаяу жүргіншілер жолында студент қызды қағып кеткен. Ол қазақ қызына алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, жедел жәрдем шақырған. Алайда оны құтқару мүмкін болмады.

Әлия МҰҚАНОВА, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ол өте талантты, ұқыпты еді. Біз өте жақын араластық. Мен оның практикалық жетекшісі болдым. Ол ашық-жарқын қыз еді. Қайғырып тұрмын. Біз үшін, отбасы мен жақындары үшін қазір бұл үлкен қайғы.

Ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады. Қазір олар студенттің денесін Қазақстанға жеткізу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қайғылы оқиғаны растаймыз. Қазір мүрдесін Қазақстанға жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Туыстарымен байланыстамыз.

А. Базарбай