$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Жетінші шақырылымдағы Мәжіліс өз миссиясын орындады ма?

AstanaTV
20.01.2023ж. 20:00
2240
Жетінші шақырылымдағы Мәжіліс өз миссиясын орындады ма?

Мәжіліс және мәслихат сайлауы саяси бәсекелестікті арттырады. Сондықтан сарапшылар бұл реформа жергілікті деңгейдегі азаматтардың саяси аренаға шығуына мүмкіндік береді дейді. Президент осылайша әділетті Қазақстан құрудың алғашқы қадамын жасап отырғанын айтады.

Саяси реформа – еліміз үшін маңызды қадам. Сайлау еркін демократиялық қоғамды құруға жол ашады. Әсіресе, өңірлердегі білікті мамандарға мүмкіндік беріліп, маңызды шешімдердің қабылдануына сеп болмақ. Сондықтан сегізші шақырылымда Мәжілістен әралуандылық күтеміз дейді сарапшылар.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РММ ДИРЕКТОРЫ:

Жаңа тұлғалар қалыптасу керек. Бізде өңірлерде мықты-мықты азаматтар бар. Өңірлерде мықты өзінің азаматтық позициясы бар белсенділер бар. Бірақ оларға мүмкіндік керек. Оларға, мысалы, саяси тұғырнамаға, саяси аренаға шығуға қандай да бір лифт керек. Менің ойымша, жергілікті деңгейдегі азаматтарға зор мүмкіндік береді.

Жетінші Мәжіліс депутаттары геосаяси жағдайда күрделі кезеңмен тұспа-тұс келсе де, өз миссиясын орындады. Сегізінші шақырылымнан күтеріміз одан да көп дейд саясаттанушы Бауыржан Серікбаев. Халықтың қалаулылары үмітті ақтап, маңызды істерді абыроймен атқарады деген сенімде.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Өзін-өзі ұсынғысы келетін қоғам белсенділері бар. Елімізде халқымыздың сөзін сөйлеп жүрген азаматтар бар. Халықтың өзі ұсынатын азаматтар болады. Осы азаматтардың арасындағы саяси бәсекені, партиялар арасындағы саяси бәсекені арттыруға тікелей негіз болады деп айтуға болады.

Ал Есбол Мұханбетқалиев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау - саяси жүйені одан әрі жандандыратынын айтты. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін орнатып, саяси модель қалыптастыруға мүмкіндік береді дейді.

Есбол МҰХАНБЕТҚАЛИЕВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ПРОРЕКТОРЫ:

Сайлау алдағы уақытта әділ нақты және жас мамандармен толығады деген үміттеміз. Себебі жаңа Қазақстанда әділеттік принципі арқылы қазіргі уақытта бірнеше бастамалар басталды. Сол бастамалардың барлығы әділеттілік бар жерде өркендеу бар, даму бар. Осы өркендеу, даму жолында Қазақастан азаматтары өздерінің толық пікірлерін ұсыныстарын білдіреді деген ойдамыз.

Еліміздегі саяси реформалар негізінде еркін демократиялық қоғам құрылмақ. Бұл орайда әр азаматтың белсенділігі ерекше маңызды дейді сарапшылар.

А. Задабек