Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда «Сөйле» деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілді

AstanaTV
20.01.2023ж. 20:00
1438
Павлодарда «Сөйле» деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілді

Павлодарда «Сөйле» деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілді. Мақсаты – мемлекеттік тілді үйрету. Қазақ тілін үйренем деушілерге шектеу жоқ. 16 жастан бастап, зейнеткерлерге дейін қатысуға болады. Бастысы тілі білуге ынтасы болса жеткілікті. Мұнда лингвист мамандар ерекше тәсілдермен сабақ өткізеді. Бірінші сабаққа 12 адам шақырылған. Қазіргі уақытта 60-тан астам тұрғын тіл үйренуге өтініш білдіріпті. Бастаманы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты көтерген.

Яков ФЕДОРОВ, «МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ТІЛІМ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақ тіліне өзіңіз білесіз сұраныс өте көп екен. Және 12 қалада Қазақстанның біз скифин клав форматында «Сөйле» үйірмелерін аштық. Біздің ерекшелігіміз тек ғана тіл үйреніп ғана емес, біз қатысушыларымыз үшін нағыз тіл орталығын жасаймыз. Біздің мақсатымыз тек ғана үйрету емес, ол қазақ тілін насихаттау.

Ө. Қуанар