Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекеттік қызметке кіру оңай, талап жоғары...

AstanaTV
20.01.2023ж. 20:00
1305
Мемлекеттік қызметке кіру оңай, талап жоғары...

Қазір қағазбастылықтан арылған, қызмет көрсету моделіне көшкен мемлекеттік аппарат қалыптасып келеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Президент мемлекеттік қызметке орналасуда артық кедергілерді жойып, жұмыстан кету тәртібін барынша жеңілдетуді тапсырған. Осы мақсатта заңға арнайы өзгерістер енгізілген. Мәселен, енді мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алады.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл білікті жастарды қызметте ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен аймақтарға оралуына сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді. Бұл заң қабылданды. Осы биылғы бітіретін түлектеріміз осы қағида бойынша жұмысқа қабылданатын болады.

Дархан Жазықбаевтың айтуынша, бүгінде 250 резервист қызметке тұрған, оның 33-і саяси және «А» корпусында. Президенттік жастар кадрлық резерві биыл да іріктеледі. Енді денсаулық сақтау, энергетика, білім саласында резервистер санын арттыру жоспары бар. Әңгімелесу кезеңіне міндетті түрде салалық мемлекеттік органдар мен мамандар арнайы қатысады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке іріктеу толық цифрландырылмақ. Еліміз бойынша бес мемлеккттік органда бұл 1 наурыздан бастап пилоттық сынақтан өтеді.

Р. Бақытжанқызы