$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандық ғалымдар күріш қауызынан медициналық таңғыш жасап шығарды

AstanaTV
20.01.2023ж. 20:00
2016
Қазақстандық ғалымдар күріш қауызынан медициналық таңғыш жасап шығарды

Қазақстандық ғалымдар күріш қауызынан медициналық таңғыш жасап шығарды. Бірегей жоба Ғылым қорының қолдауымен іске асты. Медициналық таңғыштар диабеттік табан, трофикалық жаралар мен күйіктерге қарсы қолданылады. Мамандардың айтуынша, 4-5 күнде іріңді жара тартылып, жедел түрде жазыла бастайды. Таңғыштардың басты артықшылығы - күріш қауызынан табиғи жолмен жасалуында. Сондықтан оның ағзаға еш зияны жоқ, тиімділігі де жоғары. Бүгінде бұл өнім сатылымда, тіпті, экспортқа шығып үлгерген.

Әлібек МҰТЫШЕВ, «ЖАЛЫН» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жобаны біз 10 жылдай зерттеп, дайын өнімге дейін жеткіздік. Осындай нәтижеге Ғылым қорының арқасында жеттік. Бактерицитті сорбциялық таңғыштар ірінді жараға қолданылады. Клиникалық эксперименттерден өткіздік. Нәтижелері өте жақсы. Жалпы жобаға 299 млн тг қаражат кетті.

Орталық бұдан бөлек Ғылым қорынан ұтқан грант негізінде тағы 3 ғылыми әзірлеме дайындаған. Олар - фармацевтикалық энтеросорбенттер, қанды тазартуға арналған гемосорбенттер және санитарлық-гигиеналық құралдар. «Отандық өнімдердің сапасы жоғары және бағасы да қолжетімді»,- дейді ғалымдар.

Сестагер АҚНАЗАРОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстанға бұл препараттар өте қажет. Толығымен патенттелген, басқа еш жерде аналог таппайсыз. Бұған шетелдіктер де қызығушылық танытып отыр. Елімізге фармацевтикалық өнімдердің 70-80 проценті басқа мемлекеттерден келеді. Ал біздің өнімдер отандық шикізаттардан ғана жасалады. Сондықтан қазақстандық өнімді қолдап, одан әрі дамыту қажет.

М. Жақан