Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Экс-депутат атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

AstanaTV
23.01.2023ж. 20:00
1659
Экс-депутат атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

Өрттен кейін тұрғын үйлерді қалпына келтіру, газдандыру, балалар мен жасөспірімдерге арналған демалыс орталығын ашу. Бұл – Алматы мәслихаты депутаттарының атқарған жұмыстарының нәтижесі. Экс-депутат Шухрад Шардиновтың айтуынша, халық қалаулысы халықты тыңдап, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуы керек. Ол өзі депутат болған екі жылда біраз жұмыс атқарған. Қайырымдылық шараларына да үлес қосқан.

Шухрад ШАРДИНОВ, АЛМАТЫ Қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Азаматтарды қабылдау бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілді. Осы кезеңге дейін мен 170-тен астам адамды қабылдадым, менің жеке қабылдауымда адамдар болды. Біз барлығына көмек көрсетуге тырыстық. 90-нан астам депутаттық сауал жолданды, 20-дан астам адам жұмысқа орналастырылды, көптеген адамдар керекті құжаттарды алуға көмектестік. Біз сайлаушыларға уәде еткен жұмысты лайықты орындадық деп санаймын.

Ә. Пернебек