Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

AstanaTV
24.01.2023ж. 12:36
1805
Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Танымал композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды. Әріптестері әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады. Естеліктер жазып, туған-туыстарына көңіл айтты.

Композитор, продюсер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсенов 48 жасында дүниеден озды. Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Тележүргізуші, продюсер ретінде де қолтаңбасы қалды.