Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Таиландтағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

AstanaTV
12.08.2016ж. 20:00
2364
Таиландтағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Таиландтағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ақпарды Сыртқы істер министрлігі растады. Соңғы мәліметке қарағанда, онда 4 адам қаза тауып, 30-дан астамы жараланған.

Жарылыс туристер көп келетін Пхукет аралы мен Сурат Тхани және Хуахин қалаларында 6 жерде болған. Оның үстіне, тай елінде кешеден бері «аналар күні» мерекесі өтіп жатқан. Тергеуге сәйкес, бомба уақытпен іске қосылып отырған. Алғашқы жарылыс теңіз полициясының бөлімшесі маңында тіркелген. Хуахин провинциясында, сондай-ақ Таиланд королінің отбасы демалатын жазғы резиденциясы да орналасқан екен. Лаңкестер соны көздеген болуы мүмкін деген де болжам бар. Бірақ билік мұны лаңкестік әрекет емес, бұзақылардың ісі деп топшылайды. Қазір аймақта қауіпсіздік шаралары қолға алынды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Таиландта демалып жатқан қазақстандық туристерді кісі қарасы көп жүретін жерлерге бармауға, абай болуға шақырды.

Құралай ПИОНЕР