$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қатқан нан, дәмсіз тағам жейміз», - зейнеткер

AstanaTV
24.01.2023ж. 20:00
1299
«Қатқан нан, дәмсіз тағам жейміз», - зейнеткер

«Қатқан нан, дәмсіз тағам жейміз». Елордадағы қарттар үйінің тұрғындары осылай деп шағымданды. Қариялардың бұлай деуіне не себеп? Әріптесім Дәрібек Бахытбек жалғастырады.

Айжан Ахметованың қарттар үйін паналап келе жатқанына 5 жыл болған. Ол орталықта берілетін тағамның сапасына көңілі толмайды. Сөзінше, бірнеше рет астан ұшынып қалыпты. Тісіміздің жоқтығына қарамастан қатқан нан беріп, дәмсіз тағам ұсынады дейді. Шағымдарын аспазшыға сан мәрте айтқан. Бірақ мардымды жауап алмаған.

Айжан АХМЕТОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Жұмсақ нан, дәмді тағам керек қой. Тістері жоқ адамдар анау қатты алма, қатып қалған прияниктер, оны жей алмайды. Оны мен де жей алмаймын, тістерім жоқ мына жерде. 2 жыл біз отырғанбыз геркулес, овсянка, перловка, гречневой каша, гречка жуылмаған, на половину сырая, онша пісірілмеген, ашылмаған. Адамдар уже оған қарай алмайды, жей алмайды.

Астың құнары, дәмі жоғын орталықты паналап отырған өзге тұрғындар да қоштады. Тіпті тағамдарының арасынан түрлі зат шыққандары бар.

Айдана ЖАНАРБАЙҚЫЗЫ, ТҰРҒЫН:

Бір-екі рет айттым. Французская запеканка ішінен қан шықты. Қанмен жұтып қойдым. Оныкі дұрыс болмаса, темір шықты. Ключек темір. Салаттардың ішінен кейбіреулер айтады, тас шығады. Санитаркалардың өздері де жемей қояды бізбен бірге.

Ал орталық басшысы бұл жайттан хабардар екенін айтады. Бұған дейін бірнеше рет шағым түскенін де жасырмайды.

Асхат АЛМАБЕКОВ, «ШАРАПАТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ол кісі маған 1-2 рет келген. Нақты фактілер болған жоқ. Көрсеткен жоқ. Әрине, бір мен өзім обход жасаған кезде бізге бір подарканы алып келді. Бір мероприятиеге, оның ішінде қатты сушкилер болған. Соны мен шақырып, сол кісі біздің аспазшыны, айттым ондай қатты нәрселерді таратпаңыздар деп.

Жанар ТЫНЫБЕКОВА, АСТАНА қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ас мәзірі бойынша бұл жер барлығы стандартқа нормаға сәйкес атқарылады жұмыстары. Бұл бойынша басқармаға өтініштер ескертпелер ондай түспеген. Тек қана міне 3-4 адамнан түсіп тұр. Ол бойынша қазір қарастырылып тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жауаптылар барлығына тексеріс жүргіземіз деп отыр. Ал орталық тұрғындары мәселені дер кезінде шешуін талап етуде.

Д. Оңласын