Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандыдағы ұшақ зауытын ешкім сатып алмады

AstanaTV
12.08.2016ж. 20:00
2767
Қарағандыдағы ұшақ зауытын ешкім сатып алмады

Қарағандыдағы жабылып қалған «ҚазАвиаСпектр» ұшақ зауыты өтпей тұр. Бүгін болған электронды саудада кәсіпорынды ешкім сатып алмады. Электронды сауда алаңы сайтының ақпаратына сүйенсек, оған тіпті бірде-бір адам қызығушылық танытпаған.

Аталған сайтқа зауытты «ҚазАгроФинанс» АҚ қойған. Кәсіпорын мен оның жерін 1 млрд 40 млн теңгеге сатпақ болды. Сөйтіп, кезінде жобаға несиеге берген қаржысын қайтарып алмақ болды. Зауыт сатылымға қайта қойылуы мүмкін. Ол ауыл шаруашылық ұшақтарын шығаруы тиіс болған. 2011 жылы «ҚазАгроФинанстан» 1 млрд 150 млн теңге несие алады. Ал 2014 жылға дейін қарыздың 124 млн теңгесін ғана жауып, қалған борышын қаржылық қиындықтарға байланысты өтей алмайтынын мәлімдеген. Сондықтан «ҚазАгроФинанс» мемлекет қаржысын зауытты сату арқылы ғана өндіріп ала алады.

Еске салсақ, «ҚазАвиаСпектр» зауытының құрылысы 2010 жылы басталды. Жылына 35 ауыл шаруашылық ұшағын шығару жоспарланған еді. Мемлекет бұл жобаға 700 млн теңге бөлген. Бірақ экспортқа өнім шығаруы тиіс өнеркәсіп бірде-бір ұшақ құрастыра алмады. 

Айжан ҚУАШ