$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың кіріс-шығысы ашық болады

AstanaTV
12.08.2016ж. 20:00
2346
Шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың кіріс-шығысы ашық болады

Бұдан былай шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың кіріс-шығысы ашық болады. Яғни өзге мемлекеттердегі түрлі ұйымдардан түскен қаражат көзі 10 күннің ішінде жария болуы тиіс. Ал 45 күн өткен соң, түскен ақшаның нақты қайда жұмсалғаны жөнінде есеп беріледі. Бұл туралы мемлекеттік кіріс комитететінің төрағасы мәлімдеді.

Аталған іс ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған "Төлем және төлем жүйелері" туралы заң 10 қазаннан бастап күшіне енбек. Кіріс комитетіндегілер бұл өзгерістің бизнеске қатысы жоқтығын айтады. Негізінен үш түрлі салада жұмыс істейтіндер табыс декларациясын тапсыруға міндетті. Ол - құқықтық көмек көрсететін ұйымдар, қоғамдық пікірді білуге бағытталған әлеуметік сауалнама жүргізетіндер, түрлі ақпаратты жинап, тарататын ұйымдар. Бұл өз кезегінде түрлі қаржы көздерінің ашықтығын қамтамасыз етеді,- дейді Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы.

Дәулет Ерғожин, ҚР Қаржы министрілігі мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы:

Бізге түскен барлық ақпараттарды ашық түрде веб-сайтқа жариялаймыз. Қоғам, ел азаматтары қандай да бір ұйымдарға қаражаттың қайдан келіп, қайда жұмсалып жатқанын білуі тиіс.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ