Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда оқыс оқиғадан 2 адам мерт болды

AstanaTV
25.01.2023ж. 20:00
1406
Павлодарда оқыс оқиғадан 2 адам мерт болды

Павлодарда үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Полицияның хабарлауынша, денесінде зорлық іздері жоқ. Бірақ, оның неден қайтқаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, жүрек талмасынан көз жұмған болуы мүмкін. Өйткені, соңғы кездері марқұмның жиі жүрегі ауырған. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ал Екібастұзда жүк көлігінің жүргізушісі электровозға соғылып, көз жұмды. Оқиға шлагбаумы жоқ күзетсіз басқарқарылатын теміржол қиылысында болған. Жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Электровоз 60 вагон тіркемесімен келген.

Фаруз ҚҰСЕМБЕКОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РОТА КОМАНДИРІ:

Осы факті бойынша бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Жүк көтеру көлігі әкімдіктің арнайы тұрағына, электро жүргізу көлігі депоға қойылды.

Ө. Қуанар