Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өзбекстан мен Қазақстанда қылмыс жасап, іздеуде жүрген адам ұсталды

AstanaTV
25.01.2023ж. 20:00
1143
Өзбекстан мен Қазақстанда қылмыс жасап, іздеуде жүрген адам ұсталды

Өзбекстан мен Қазақстанда қылмыс жасап, іздеуде жүрген адам ұсталды. Ақтөбелік полицейлер ұялы телефон ұрлығына қатысты күдіктіні қолға түсірген. Ол өз тегін жасырып, Пушкин деп таныстырған. Кейін анықтай келе екі елде іздеуде жүрген азамат екені белгілі болады. Ол Өзбекстан елінде көлік ұрлағаны үшін іздеуде екен. Ал қаңтар айында күдікті өз сыбайластарымен бірлесіп, Шымкент қаласында бір үйге ұрлыққа түседі. Егесіне ауыр дене жарақатын салған. Артынша үй иесі қаза табады. Содан кейін біздің елімізде де бұл азаматқа іздеу жарияланған.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Іздеуде жүрген Шевченко ҚР ҚПК 128, 131 бабы тәртібімен Ақтөбе қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Б. Рахметова