$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Қазақстанда 7 мыңнан астам медицина қызметкері тапшы

25 қаңтар 2023
130
Қазақстанда 7 мыңнан астам медицина қызметкері тапшы

Елімізде 7 мыңнан астам медицина қызметкері тапшы. Оның басым бөлігі - дәрігерлер. Мамандар тіпті басқа салаға кетіп жатқан көрінеді. Неге? Себебін тілшіміз Абзал Құрманкин анықтап көрді.

Қарағанды медициналық университетінің түлегі Екатерина Черноглазова 2014 жылы Қостанай облысында балалар дәрігері болып жұмысқа орналасқан. Күніне алпыс баланы емдеген маманның екі жылдан кейін шыдамы таусылыпты. Дәрігерлерге артылатын жүк тым ауыр дейді ол.

Екатерина ЧЕРНОГЛАЗОВА, ДӘРІГЕР:

Мен төрт сағаттың ішінде 25 баланы қабылдауым керек. Бірақ дәрігер жетіспегендіктен сол аралықта адам 2.5 есе көп келеді. Сосын негізгі уақытым біткен соң, үйде жатқан науқастарды аралауым керек. Оған қосымша ақы, жол шығыны төленбеді. Сондықтан мен тері дерматологы курсын аяқтап, қазір жеке клиникада істеп жүрмін.

Кадр дефициті Қызылжарда да бар. Аймақта акушер-гинеколог, аллерголог, аннестезиолог мамандары жетіспейді. Былтыр 300-ге жуық дәрігер тапшы болғандықтан жергілікті билік басқа аймақтардан 280 жас маманды шақыртқан. Бірақ мәселе онымен де шешілмеді. Дәрігер санын көбейту үшін әкімдік қосымша грант бөлген.

Нұржан ТАҒАНИЯЗОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда 142 резидент оқып жатыр. 2023 жылы 60 резидентіміз келеді. Әрі қарай оқуы біткен бойда олар осы жерге келіп бес жыл олар өтейді, жұмыс істеуге міндетті.

Бірнеше жыл бұрын жергілікті университетте медицина факультеті ашылып, жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлай бастады. Бірақ білім ошағының түлектері оқу бітірген соң бірден жұмысқа тұра алмайтын көрінеді.

Сәкен ӘМРИН, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қазақстанда енгізілген білім беру жүйесі бойынша дәрігер болу үшін бірнеше деңгейде білім алу керек. Бакалаврит дипломымен дәрігер ретінде жұмыс істеуге болмайды. Интернатураға берілетін грант саны өте шектеулі. Сондықтан біз облыс әкімдігіне жергілікті университетті тамамдайтын студенттерге грант бөлу мәселесін қарастыруды ұсындық.

Жергілікті билік мамандарды баспанамен қамту жайына баса назар аударуды жөн көріп отыр. Сонда ғана тапшылық мәселесі болмауы мүмкін дейді.

А. Құрманкин




orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар