$460.43 €501.04 ₽6.65
×

«Мажоритарлы жүйе жаңа тұлғаларды таңдауға мүмкіндік береді», - халық

25 қаңтар 2023
133
«Мажоритарлы жүйе жаңа тұлғаларды таңдауға мүмкіндік береді», - халық

«Мажоритарлы жүйе жаңа тұлғаларды таңдауға мүмкіндік береді». Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға енгізілген өзгеріске халық осылай деп пікір білдіруде.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бұрынғыдай партиялық тізіммен емес, кімді сайлап жатқаны белгісіз болмайды. Эволюциялық даму таңдап алдық деп жүрміз ғой. Сол тұрғыдан алғанда 30 пайызымыз үлкен жетістік. Жас мемлекет үшін үлкен жетістік деп есептеймін.

- Ел үшін бейім тұратын жастардың болғаны тәуір. Әрине, тәжірибе керек. Сондықтан бұрынғы, олар ескілер деп айтуға болмайды. Олардың да тәжірибесін пайдалану керек. Сондықтан мен ойлаймын, мәжіліс 100 пайыз жаңармайды. 20-30 пайыз белсенді депутаттар қалады.

- Жастар болса дейміз жаңағы депутаттар. Жаңарса, жас азаматтар келсе, өзгеріс болу керек. Оған біз сенеміз.

- Егер де мәжіліске жаңа адамдар келсе, олар жаңа қалай айтсам болады. Жаңа инновациялар енгізсе ол әрқашанда жақсы. Біз оны қолдаймыз. Білім саласы, ғылыми сала және мәдени сала, осы үш саланы жаңартса жақсы болушы еді.

- Бұл сайлаудан кейін депутаттар арасында жаңа есімдер, жұмысына тиянақты қарайтын, ел дегенде еміреніп тұратын жастар болады деген үміттеміз. Еліміздің дамуына, өркендеуіне, Қазақстанымыздың дамуына жақсы бір серпіліс болады деп сенемін.

- Бұл – жаңа Қазақстандағы жаңа бір толқын, ерекше бастама. Демек, жаңа адамдар, жаңа бейне, жаңа қолдау күтеміз. Кім ұтса да, қандай дәрежеге сайланса да елін сүйген, халқына жанашыр, жастарымызды қолдайтын адам болады деп сенеміз.

Б. Нәдірқызы






orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар