Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алты облыста ескерту жарияланды

AstanaTV
25.01.2023ж. 21:32
825
Алты облыста ескерту жарияланды

26 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің алты облысына ескерту жарияланды, деп хабарлайды Астана телеарнасы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астанада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні -15-18 м/с. Жетісу облысы Алакөл ауданында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қарлы жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қарлы жаяу бұрқасын болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз өңірдің көп бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр.