Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістан облысының тұрғыны 15 жастағы мектеп оқушысын үйлену үшін 600 мың теңгеге сатып алған

AstanaTV
26.01.2023ж. 15:47
2522
Түркістан облысының тұрғыны 15 жастағы мектеп оқушысын үйлену үшін 600 мың теңгеге сатып алған

Жас жігіт мектеп оқушысын алып қашып, анасына 600 000 теңге ақша төлеген. Қыздың әкесі полицияға арызданған. Айтуынша, қыздың анасымен бөлек тұрады, бірақ алимент төлейді. Ер адам 2022 жылдың аяғында қызын ұрлап, Жетісай өңіріне апарып, беташар рәсімін жасағанын айтты. Ол оқиға туралы әлеуметтік желіден білген.

 «Сонымен қатар 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу де қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.Бұл жағдайда дәстүр бойынша қыз алып қашу қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығаратын жағдай емес. Демек, қылмыс жасау фактісі расталды.Сондай-ақ, азаматтық неке қиюына байланысты 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті болдырмайтын мән-жай болып табылмайды, өйткені мен некеге тұруға келісімімді бермегенмін. Себебі менің қызым небәрі 15 жаста және өз өміріне қатысты шешім қабылдай алмайды. Сондықтан қылмыс жасау фактісі де расталып отыр», - деді мектеп оқушысының әкесі.

Түркістан облысы ПД мәліметінше, жігіт қыздың танысы болып шыққан. Алайда анасы келіспей, қызды жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен. Сараптама тағайындалды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызына қатысты Жетісай ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.