Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Калифорния штатында 19 адам оққа ұшты

AstanaTV
26.01.2023ж. 16:30
879
Калифорния штатында 19 адам оққа ұшты

АҚШ-тың Калифорния штатында соңғы екі күнде жаппай атыс болып, 19 адам қаза тапты. CNN ақпаратынша, атыс алдымен Лос-Анджелес маңындағы Монтерей саябағы жанында болған. Қаскүнем би залындағы адамдарға 42 рет оқ атқан. Бұл оқиға тергеу жұмыстары аяқталмай тұрып, Калифорнияның солтүстігіндегі Халф Мун Бей ауылында тағы жеті адам оққа ұшты. Олар- ферманың жұмысшы иммигранттары. Ал Бэй шығанағы аймағындағы Окленд қаласында музыкалық бейнероликтің түсірілімі кезінде атыс болды. Бірнеше қарулы адам оқ жаудырған. Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның біреуі қайтыс болды.