Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Талғарда мектеп оқушылары төбелесті: біреуінің миы шайқалып, ауруханаға түсті

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
1313
Талғарда мектеп оқушылары төбелесті: біреуінің миы шайқалып, ауруханаға түсті

Алматы облысы, Талғар ауданында мектеп оқушылары төбелесті. Салдарынан бір жеткіншектің миы шайқалып, ауруханаға түсті. Оқиға Талдыбұлақ ауылындағы № 34 мектепте болған. Балалар өзара сөзге келіспей қалған көрінеді. Артынша 6- сынып оқушысы 5- сынып оқушысын соққыға жыққан. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, мектеп қабырғасында мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Алайда, мектеп әкімшілігі мәселені жылы жауып қоятын көрінеді. Жалғызбасты ана мұрны қанап, бет-аузы іскен балаға ешкім жедел жәрдем шақырмаған деп күйінеді.

Нұргүл ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, АТА-АНА:

Өзінен бір жас үлкен бала ұрады. Ұрғаннан кейін далаға шығып, тура мектептің алдында балам құлап қалады. Мен келсем, баламның бетіне құр мұз басып, отырғызып қойыпты. Не скорый шақырмаған. Қазір балам ми жарақатын алып, ГРЭС-те больницада жатыр. Бала жазасын алсын.

Жарақат алған баланың анасы полицияға арыз жазды. Бұл іс Талғар ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының қарауына жіберілді. Мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Зәмзәгүл МАРИПОВА, Қ. ӘБДІҒҰЛОВ АТЫНДАҒЫ № 34 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Алғашқы көмек көрсетіледі. Сынып жетекшісі ата-анасына звондайды. Бұл балалардың біреуі 11 жаста, біреуі 12 жаста. Біздің жіберген қателігіміз сол – кәмелеттік жасқа толмағандықтан, дереу жедел жәрдем емес, біз мамасын күттік. Мамасы 10 минут ішінде келді. Сол күні екі кезекші мектепте тұрған, қас қағым сәт. Байқамай қалған.

М. Жақан