Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ата-анаға «сен» деп сөйлеген дұрыс па?

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
1550
Ата-анаға «сен» деп сөйлеген дұрыс па?

Ата-анасына «сен» деп сөйлейтіндер көбейді. Бір қызығы, оны жастар дөрекелік санамайды. Керісінше, жақындықты білдіреді деп жүр. Тек танымайтындарға «сіз» деп тіл қатады. Сыйластықтың сыралғысы болып келген «сіз» сөзі неге ұнамай қалды?

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Ата-анаға осылай сен деп сөйлейтіндер бар. Мен қатарлы жастар мұны жақындықтың белгісі деп ұғынып жүр. Бірақ сырт көзге дөрекі көрінеді. Ал танымайтындарға сіз деп сызыла кетеді.

«Сіз» - құрметтіліктің белгісі. Оған ешкім дау келтіріп отырған жоқ. Ал сен деп тек қатарластар, достар бір-біріне айтуы керек. Бірақ жастардың пікірі басқаша.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Кейде болады бейтаныс, танымайтын адамдарға мұғалімдерге сіз деп сөйлеймін. Негізінен сен деген өзіме жақын.

- Көбінесе маған сен деген жақын дүниені білдіреді. Онда ол кісі маған жақын егер қаратып айтатын болсам. Ал сіз деп бөтен танымайтын адамдарға айтып жатам.

Сөз қадірін түсінбейтіндей не көрінді? Бүгінгі ұрпақ тәрбиесі қиындап кеткенін қоғам қайраткерлері де жасырмайды. Оған кінәлі тек ата-аналар деп отыр. Балаларын өз деңгейінде ұстағысы келеді. Сен деуге рұқсат беріп қояды.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Әдепсіздік ол әке шешесіне солай айтады. Ол солай деп ойлайды. Сондықтан бұл да бәрі тәрбиенің барысында кетіп жатқан бір кемшілік. Жалпы әдептілік деген нәрсені біз балаға кішкентай кезден сіңіру керек. Имандылық дегенді әдептілік дегенді үлкенге құрмет деген сіңіру керек ғой. Ол да бір осалдық.

Барлығы отбасындағы тәрбиеден басталады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі емес пе? Орта да адамды қалыптастырады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Үлкендерді сыйлау керек ғой қай жерде болсын сен деп. Тәрбиелері басқа біздіңкіндей емес. Қоғамдық көлікте отырғанда өтірік көрмегендей отырады.

- Қазіргі жастардың өте тәртіптері нашар ғой олардың.

- Воспитанияден ғой бірінші. Қалай ол тәрбие алғаны. Үйден көрген тәрбиесі сосын оны далаға шығарады ол.

Ата-ана, туыс деген ең жақын, ардақты жандар. Оларға сен деп құрметті арттыра алмасымыз анық. Сондықтан сіз деп шынайы ықыласымызды білдірейік.

Д. Оңласын