Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Таксист-курьерлер арқылы да есірткі айналымда жүр», - ІІМ

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
1230
«Таксист-курьерлер арқылы да есірткі айналымда жүр», - ІІМ

Ғасыр дертіне айналған, күллі әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын тереңге жайып барады. Ол тіпті интернет арқылы ашықтан-ашық сатылып, еркін таралуда. Жалынды жастардың болашағына балта шабатын,шырмауына іліккенді оңайлықпен шығармайтын бұл қандай күш? Ақша үшін адам өмірін аяқ асты ететін, сайттарда сауда жасап жүргендер кімдер? Мәселенің мән жайын әріптесім Мирас Жолдыбалин тарқатады.

Есімін айтқысы келмеген бұл жігіт қазір қалалық психикалық денсаулық орталығында ем алып жатыр. Басында жай қызығушылықтан басталған әдет соңында тәуелділікке айналды дейді.

Қазіргі уақытта кез-келген телефонмен интернетке қосылсаңыз болды. Қала бойынша бес не оданда көп магазиндер бар.Олардың жарнамалары қала бойынша толып тұр. Есірткіге қол жеткізу өте оңай,интернет арқылы үйдегі компьютермен де алуға болады. Төлемді банк картасы арқылы жасайсың.Барлығы оңай.

Мамандардың айтуынша, қазір анаша, кокаин тұтынатындар аз, бірақ керісінше, синтетикалық есірткіге елтетіндер көбейген. Сондықтан бұған қандай да бір тосқауыл қойылуы керек дейді.

Тоқтар ҚОЙШЫБЕКОВ, НАРКОЛОГ:

Біз жылына көбінесе қазіргі уақытта біздің орталықта 3000-дай адам емделеді. Оның құрамында 800-900 көбінесе нашақорлар. Мына есірткілер, синтетикалық есірткілер қолданатын жастар соңғы кезде осы 800 адам ішінде жоғарылап бара жатыр.

Ал ішкі істер министрлігінің өкілдері жарнамалық сайттар мен телеграм каналдарын ауыздықтау қиын болып тұрғанын айтады. Интернет былай тұрсын, таксист курьерлер арқылы да тауардың айналымда жүргенін жасырмайды.

Бақытжан ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Былтырғы жылы ішкі істер органдарымен ғана екі мыңнан астам,екі мың төрт жүздей қылмыс анықталды.Оның ішінде 1377сі сату фактілері. Закладчиктар деп, жасырын тығып кететіндер.Олар жұмыс іздеп жүріп өздері де түсінбей қалады, қалай есірткі сатуға кірісіп кеткендерін.

Жастар есіл-дертін есірткіге жеңдірмесе еңсеміз биік болар еді дейді мамандар. Ләззәтті анашадан емес, өмірден алуға кеңес береді.

М. Жолдыбалин