«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы сайланды. Бұл лауазымға Мейіржан Отыншиев лайық деп танылды. Ол бұған дейін филиалда атқарушы хатшы қызметін атқарған. Сондай-ақ, «AMANAT» қалалық филиалының кезектен тыс 31-ші конференциясы барысында партиялықтар сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру нәтижелерін талқылады. Соңғы екі жылда Алматыда 24 мектеп, 182 мектепке дейінгі мекеме, 3,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынған.
Мейіржан ОТЫНШИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Партияластардың қолдауымен Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметіне сайландым. Енді біздің жұмысымыз - алдағы келе жатқан науқанға дайындықпен айналысамыз. Біз бұл сайлауға дайынбыз. Нық сеніммен айта аламыз. Алматылық партияластар халықпен тығыз жұмыс жасауға бағыттайтын болады.
Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Біз осы Әділетті Қазақстанды құру жолында, елімізді әрі қарай өркендету жолында бірлесіп еңбек атқара беруіміз керек. Осыған сәйкес, филиалдың алдындағы келесі міндеттерге басты назар аудару керек деп ойлаймыз. Ол, біріншіден, Мәжіліс және мәслихат сайлаулары.
М. Жақан