Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қоқыс полигондарының тек 21% экологиялық және санитарлық нормаларға сай келеді

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
1567
Қоқыс полигондарының тек 21% экологиялық және санитарлық нормаларға сай келеді

«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комитетінің отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату, қала ауасын жақсарту мәселелері және экология саласындағы өзге де өзекті проблемалар қаралды. Комитет төрағасы Артур Платонов еліміздегі 3019 қоқыс полигонының тек 633-і ғана экологиялық және санитарлық нормаларға сай келетінін жеткізіп, отырысқа қатысушылардың назарын осы мәселеге аударды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, ғарыштық мониторинг рұқсат етілмеген 5683 қоқыс үйіндісін анықтады.

Артур ПЛАТОНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елімізде экология ұзақ уақыт бойы көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін абстрактілі, екінші дәрежелі мәселе ретінде қабылданып келді. Алайда ол ел тұрғындарының денсаулығына тікелей әсер етеді. Бұл жайт Экология министрлігінен бастап, жер-жерде қасақана қарсылық жасалып жатқандай әсер қалдырады. Жалған мәлімет беруге бола ма? Қай өңірдің болсын ұсынған дерегі шындыққа жанаспайды. Жоқ, әлде кейбір адамдар қоқыста өмір сүргенді ұната ма?

А. Базарбай