Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда орта және шағын бизнеске араласу фактілері бойынша былтыр 24 қылмыс тіркелді

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
772
Алматыда орта және шағын бизнеске араласу фактілері бойынша былтыр 24 қылмыс тіркелді

Алматыда орта және шағын бизнеске араласу фактілері бойынша былтыр 24 қылмыс тіркелді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері мәлімдеді. Мамандар биыл да бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылатынын айтты. Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі бизнес өкілдерімен 50-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге бағытталған арнайы мобильді топ құрылды.

Асхат ОРАЗХАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСШЫСЫ:

Мобильді топ құрамына біздің қызметкерлерімізден басқа шағын және орта бизнес, кәсіби бизнес-қауымдастықтар мен «Атамекен» ӨКП өкілдері кірді. Бизнес - қауымдастық өкілдерімен бірнеше маңызды кездесулер өткіздік. Нақты мәселелерді шешу үшін ай сайын «Кәсіпкер күні» акциясын өткізуді жоспарлап отырмыз.

М. Жақан