$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Асхат Оралов қазақстандықтар үшін туристік кешбэк енгізуді ұсынды

AstanaTV
27.01.2023ж. 12:06
414
Асхат Оралов қазақстандықтар үшін туристік кешбэк енгізуді ұсынды

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандықтар үшін туристік кешбэк енгізуді ұсынды. Аталмыш бастама туралы ол министрліктің туризм мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. Министр енгізуді жоспарлап отырған бағдарлама жолдамалар ресми туристік агенттіктерден демалу үшін аз белсенді маусым кезінде сатып алынған жағдайда азаматтарға тур құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Мысалы, жаңа бағыттарға (Абай, Ұлытау облыстары) шығындар сомасының 20% қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай сияқты танымал және сүйікті бағыттарға кешбэк 10% құрайтын болады.

«Біз аталған бағдарламаның барлық тетігін толық және сапалы пысықтау үшін жұмысты қолға аламыз. Кешбэк – ішкі туризмді тартымды етудің жаңа құралы. Сұранысты арттыра отырып, отандық туристік операторларға да қолдау көрсетеміз. Министрлік туристік кешбэк енгізу мәселесін қарауды жеделдетуі керек деп санаймын», - деп атап өтті Асхат Оралов.

ҚР МСМ баспасөз қызметі


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах