Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның базарда орналасқан
азық-түлік дүкеніне ұры түсіп, 500 мың теңге ақшасы мен екі сұйық майды ұрлап кеткен. Бұл туралы Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімі хабарлады.
«Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, олар өздерінің арыздарына Жетісай ауданындағы сауда орындарында болған ұрлық қылмыстары туралы хабарлаған. Аталған жәйт ҚР ҚК 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне енгізілген. Жетісай аудандық полиция бөлімінің тергеушілерінің қырағылығы арқасында қылмыстық іске күдікті тұлғалар құрықталып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Түркістан облысы Жетісай АПБ-нің тергеушісі Ислам Бабашов.