Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Астанада ломбардқа шабуыл жасаған азаматтан пневматикалық қару тәркіленген

AstanaTV
15.08.2016ж. 20:00
2457
Астанада ломбардқа шабуыл жасаған азаматтан пневматикалық қару тәркіленген

Астанада ломбардқа шабуыл жасаған азаматтан пневматикалық қару тәркіленген. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хатшысы хабарлады. Сондай-ақ, күдікті сотқа дейінгі тергеуге алынған.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы:

42 жастағы күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол - қарақшылық және адамды кепілдікке алу. Сол оқиға болған жерден пневматикалық қару алынған. Қару бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. 


Айта кетсек, Астанадағы Кенесары көшесіндегі көпқабатты үй астындағы ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалған еді. Айырбастау пунктіне кірген азамат ондағы ақша мен алтын бұйымдарды қолды етуге оқталған. Қызметкерлер дер кезінде «қауіпсіздік тетігін» басып, полиция құрамы да оқиға орнына шұғыл жетеді. Бірақ күдікті ломбардтағы екі адамды кепілдікке алып, сақшыларды біраз әуре-сарсанға салды. Күдіктімен келіссөз екі сағатқа созылды. Полицейлер көпқабатты үй тұрғындарын терезеге жақындамауын ескертіп, арнайы операция жүргізді. Сөйтіп, қалмалғанның бірін босатса, екіншісін арнайы жасақ құтқарды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы толық анықталып жатыр.