Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан оңтүстікқазақстандық сарбаздың отбасына баспана берілді

AstanaTV
15.08.2016ж. 20:00
2812
Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан оңтүстікқазақстандық сарбаздың отбасына баспана берілді

Ақтөбедегі терактіде қаза тапқан Ұлттық гвардия сарбазы, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Досбол Сапардың отбасына жаңа үйдің кілті тапсырылды. Баспана Шардара қаласында орналасқан. Оның жалпы аумағы 138 шаршы метрді құрайды.

Бұл жергілікті полицейлердің көмегі. Олар бір күндік еңбекақыларын арнайы шотқа аударған болатын. Жиылған қаржының 10 млн теңгесіне баспанадан бөлек, қосалқы шаруашылық құрылысы да сатып алынған. 2 миллион теңгеге төрт түлік пен тұрмыстық заттар тарту етілді.

Жұлдыз Құдабаева, марқұм Досбол Сапардың анасы:

Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей қалдық. Балам тірі болғанда, 5-6 үй салар еді деп ойлаймын. Не дейміз, ел аман болсын, басты байлығымыз жеріміз аман болсын. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ