Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Құрдасын тонаған жігітті құрықтады

AstanaTV
27.01.2023ж. 16:37
1102
Құрдасын тонаған жігітті құрықтады

Қостанай облысының полицейлері құрдасын тонаған жігітті құрықтады

Жітіқара ауданының полиция қызметкерлері күш қолданып, тонау жасаған күдіктіні ұстады. Polisia.kz. дерегінше, күдікті көшеде 20 жасар жігітке дене жарақатын салып, IPhone 11 телефонын, құлаққап және қолма-қол ақшасын тартып алған. Қарақшы оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған факті бойынша полицияның барлық жасақтары бағытталды. Нәтижесінде 30 минуттан кейін ұрлық жасағаны үшін бұрын да жауапкершілікке тартылған 21 жасар жергілікті тұрғын ұсталды. Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.