Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды

AstanaTV
27.01.2023ж. 16:21
958
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды

Жыл басынан “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен Шымкентте 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Polisia.kz. дерегінше, жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 4, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 151, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 121 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 23, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 133, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 75, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 30 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 7, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 20 776 хаттама толтырылып, 455 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.