$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Үйден қашу, мектепке бармау сияқты проблема көп болды" - Балалар үйінен асырап алған баланы кері қайтару жағдайы жиілеген

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
2400
"Үйден қашу, мектепке бармау сияқты проблема көп болды" - Балалар үйінен асырап алған баланы кері қайтару жағдайы жиілеген

Бала асырап алғандардың дені бүлдіршінді балалар үйіне қайта әкеп тастайды. ranking.kz қорқынышты статистика жариялады. Соңғы 5 жылда баладан бас тартушылардың саны 64%-ға өскен. Мұның себебі неде? Әріптесім Арайлым Қанатқызы жауап іздеді.

ranking.kz агенттігінің ақпаратынша, елімізде 2017 жылы асырап алынған 109 сәби балалар үйіне қайтарылса, 2018 де- 199, 2019-да 183, ал 2022 жылы 179 бала арнайы орталыққа қайта оралған. Қала тұрғыны Мөлдір бірнеше жыл бұрын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 баланы құшағына басқан. Алайда кенжесімен тіл табысу қиынға соққанын айтады. Сондықтан оны, балалар үйіне қайтаруға мәжбүр болдым дейді.

Мөлдір, БАЛА АСЫРАП АЛҒАН АНА:

Басында 3 айлық школаны бәрін өттік, қиындық баланың генетический расстройствосынан болды. Үйден қашу, мектепке бармау, үйге қонбау сияқты проблемалар көп болды. Организацияның да психологы келді, жұмыс істедік. Бірақ 4 жарым айдан соң бала өзі кетемін деп нақты шешім шығарды.

Балалар үйінде тәрбиеленген баламен жұмыс істеу кезінде ең қиыны – олардың сеніміне ие болу. Мәселе психологиялық дайындықпен шектелмейді дейді мамандар.

Гүлдана НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, БАЛА АСЫРАП АЛУ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ ПСИХОЛОГЫ:

Өзінің отбасын сақтап қалу мақсатында бала асырап алғысы келген үміткерлер болды. Яғни асырап алушы ана өте депрессивті жағдайда жүрген. Отбасын сақтап қалу мақсатында «мен бала асырап алсам, мен отбасымды сақтаймын» деген жағдай болады. Қажеттілігін жабу мақсатында, қиналған кезде, депрессия стресс кездерінде осының барлығын бала арқылы жабамын деуші ата-аналар болып жатады.

Психологиялық қиындықтардың барлығынан өтіп енді жаңа ортаға бейімделе бастаған баланы «Бауырыңнан қашқан күзен көрінбес» дегендей, ағайыны іздеп келетін жағдайлар да болды дейді психолог. Ал Заң бойынша ағайындыларды мүлдем ажыратуға болмайды.

Гүлдана НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, БАЛА АСЫРАП АЛУ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ ПСИХОЛОГІ:

Кейде өзінің туған-туыстары «баланы өзіміз тәрбиелесек» деп өздері ұсыныстарын айтып, біз отбасыдан алып кетсек деген сияқты айтқан жағдай да болды тәжірибемде. Өзінің туған әпкесі келіп баланы отбасынан алған кездері болды.

Елімізде ата-анасынан айрылған 22мыңға жуық бала тіркелген, оның 18мыңнан астамы жаңа отбасында тұрады. 3мыңы балалар үйінде тәрбиеленуде. Оларды асырап алғысы келетіндер үшін мемлекет түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақы қарастырған.

Махаббат БЕГАЛИНА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Елімізде баланы асырап алуға ай сайынғы жәрдемақы түрінде асырап алушы ата-аналарды материалдық ынталандыру қарастырылған. Асырап алушы ата-аналардың қызметтеріне жеке төлемақы жүргізіліп отырады .

Алайда, елімізде бала асырап алу көрсеткіші өте төмен. 5 жыл бұрын 168 кәмелетке толмаған бала асырап алынса, 2021 жылы тек 31 бала жаңа отбасына берілген.