Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Халық пен биліктің арасы жақындай түседі", - халық пікірі

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
1209
"Халық пен биліктің арасы жақындай түседі", - халық пікірі

Сайлаудан халық үлкен үміт күтеді. Мәжіліске және мәслихатқа сайланатын депутаттар қоғамды толғандырған өзекті мәселелерге көңіл бөлсе дейді. Ел ішінен шыққан қарапайым адамдардың халықтың қалаулысына айналғанын қалайды.

БЛИЦ:

- Халықтың жағдайын жасайтын, халықтың мұң-мұқтажын тыңдай білетін депутаттар келсе екен дейміз. Ауызбен емес, іспен дәлелдейтін азаматтар келсе екен. Халықтың арасынан шықса да, халықтың мұң-мұқтажын айтып, соларды орындайтын.

- Енді депутаттарға халық үлкен сенім артады ғой. Солар заң шығаратын болғаннан кейін, өздерінің ықпалы болғаннан кейін сол кісілерден үлкен үміт күтеді. түйткілді мәселелер сол кісілердің арқасында жаңа депутаттардың арқасында шешіледі деп ойлаймын. Сол себепті халықтың арасынан халықтың мәселесін білетін, ортасында жүрген жандар сайланады деген бір үлкен үміт күтеміз.

- Қара халықтың қамын ойлайтын депутаттар болса. Тек жақсылық күтеміз.

- Наурыз айында сайлау өтеді. Халыққа жаны ашитын азаматтар келсе екен. Жастарды, жас тұлғаларды көрсек екен.

М. Жақан