Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"AMANAT" партиясы елордалық филиалының төрағасы сайланды

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
684
"AMANAT" партиясы елордалық филиалының төрағасы сайланды

Астанада "AMANAT" партиясы қалалық филиалының төрағасы болып Берік Жәкенов сайланды. Ол бұған дейін филиалдың атқарушы хатшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, кезектен тыс 35-конференцияда партиялықтар Фракцияның жұмысын талқылады. Өткен жылы партия алаңында 3 мыңға жуық азамат қабылданды. Өз кезегінде атқарушы хатшы Елнұр Бейсенбаев алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауды ескере отырып, партия мүшелерінің алдына бірқатар міндеттер қойды.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Халыққа өздері жиі көтеріп жүрген проблемалардың шешу жолдарын айтқан жөн. Біз тек проблеманың бар екенін көрсетпей, ал сол проблемалардың шешу жолдарын да бірге талқылап, іске асыруымыз қажет. Қазақта сөз бар "кез-келген жіптің түйінін шешуге болады. Оған табандылық керек, шыдамдылық керек және еңбек. Болды. Сол үшеуімен ғана жетістікке жетеміз.

А. Базарбай